Қасіретті қаңтар: Алматыда ескерткіш орнатылады

Алматы қаласында кешегі дүрбелеңді еске салар ескерткіш қойылмақ, деп хабарлайды Хабар 24.

Қала әкімдігі нысанның құрылыс тұжырымдамасына конкурс жариялады. Жоспарлау және урбанистика басқармасы ашық конкурсқа 10 ақпанға дейін өтініштер қабылдайды. Байқауға жеке авторлар мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Мемлекет басшысы таяуда Алматыға сапары кезінде мемориалдық кешенде алматылық оқиғаларды мәңгі есте қалдыруды тапсырды. Конкурстың шартына орай ескерткіш қоршаған ортаға үйлесімді болуға тиіс. Материалы да сапалы болғаны жөн. Конкурс қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия қабылдайды. Ескерткіш қалалық әкімдік жанындағы скверде орнатылады деген жоспар бар.