Апаттан кейін энергетикалық жүйе қалпына келтірілді – KEGOC

Бүгін Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар қалада, Қырғызстан және Өзбекстанның бас қалаларында электр жарығы өшті. Бұған үш елге қарасты бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі апат себеп болған.

KEGOC акционерлік қоғамы таратқан хабарламаға сәйкес, апат түскі сағат 12-де орнаған. Салдарынан «Шығыс Оңтүстік Қазақстан» транзиттік желісіне, электр қуатының шамадан тыс салмағы түскен. Осы себепті Түркістан облысы, Шымкент, Тараз бен Алматыда жарық өшкен еді. Қазір апат қалпына келіп, бұл аймақтарға жарық берілді. Еліміздің КEGOC компаниясы Алматы энергетикалық орталығымен республикалық электр желісінің схемасы толығымен қалпына келтірілді.

Қазір Алматы мен Алматы облысының өңірлік электр желілері компаниялары шектеулерді алып тастауда. Оңтүстік өңірлерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда деп хабарлап отыр. Ал көршілес Өзбекстанның энергетика министрлігі таратқан хабарламаға сәйкес, сағат он бірдің шамасында Қазақстанда электр жарығы өшкендіктен Бішкек, Ош және Қырғызстанның өзге қалаларында электр қуатын таратуда ақау туындаған. Апатқа байланысты Ташкент пен Сырдария жылу электр станциялары жұмысын тоқтатқан.