Террористік қауіптің «қызыл» деңгейіндегі өңірлер қалыпты режимге оралады

Ертеңнен бастап Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында терроризмге қарсы операциялар және террористік қауіптің қызыл деңгей режимі тоқтатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы республикалық жедел штаб мәлімдеді. Нұр-Сұлтан қаласында «қызғылт сары», ал Батыс Қазақстанда «сары» деңгей сақталады. Балқаш пен Солтүстік Қазақстанда «сары» деңгей режимі күшін жойды. Қазір жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары көліктердің қозғалысын бақылап, ішін тексеруге құқылы. Жауапты ведомство өкілдері халықты мұндай әрекеттерге түсіністікпен қарауды өтінеді.