Депутат: Қызылорда облысында тағы да жұт болуы мүмкін

Былтырғы қуаңшылықтың салдарынан Маңғыстау өңірі де мал азығы тапшылығын сезінген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол кезде Батыстағы аймаққа жем-шөп жеткізу үшін теміржол тасымалының тарифіне жеңілдік жасалған. Қызылорда өңіріне де жем-шөп жөнелту үшін былтыр Ақмола мен Қостанай облысында жеткілікті мөлшерде қор жинақталды. Бірақ Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреевтың айтуынша, Үкімет қос өңірге қол ұшын созу бойынша іс-қимылда бәсеңдік танытқан. Халық қалаулысы Үкімет басшысының бірінші орынбасарының атына осы мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдады.

Ғалым Әміреев - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қызылорда облысы үшін жем-шөп құнын төмендету мәселесі шешілмеді. Өйткені  өңірдегі мұнай-кен компанияларының жағдайы қиын. 170 мың халықтың облыстың зардап шеккен екі ауданында ғана мал басы 500 мыңнан асады. Бұл ауыл тұрғындарының мал өсірумен ғана айналысатынын білдіреді. Басқа кірістері жоқ. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі бұнымен басын ауыртпайды. Мал басын сақтап қалу керек емес пе? Осыған байланысты тасымалдауға дайын шөп көлемін ескере отырып, Арал және Қазалы аудандарының тұрғындары кем дегенде 10-15 вагон шөпті тегін алуы үшін көтерілген мәселені шешуді сұраймын.