А.Есмағамбетова: Эпидахуал жақсарып келеді

Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі екі аптада науқас саны 4,7 процентке азайған. Стационарлық ем алушылар 2 есе амбулаторлық жағдайда емделушілер 4 есе кеміді. Вакциналау және қайта вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні бірінші компонентті 10 млн-нан астам азамат алған. Бұл жалпы халықтың 53 проценті және егілуге тиіс ересектердің 82 проценті. Ал қайта вакциналаудан 2 млн 400 мың қазақстандық өтті.

Айжан Есмағамбетова, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Бизнес туралы шаралар ол Ashyq-та «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар, «жасыл» және «сары» аймақта бизнес объктілерге кіру шектеусіз болады. Ал қызыл аймақта толуына 70%-ке дейін шектеу салынады. Балалардың ойын-сауық орталықтарында толтыруын шектеу алып тасталынды. Ревакцинация алған немесе вакцинаның толық курсынан өткеннен кейін 6 ай аспаса, елге келетін Қазақстан Республикасының азаматтары ПТР-тестілеуді өткізу қажет емес. Коронавирус инфекциясымен жақын қарым-қатынаста болғандар КВИ белгілері анықталмаса, үй карантинге оқшаулау алып тасталынды.