Заңгерлер: Борышкердің барлық шотын бұғаттау заңсыз

Жеке сот орындаушылар үстінен қозғалатын сот істерінің жартысынан көбі шағымданушы пайдасына шешіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Төкиев айтты. Азаматтардың құқығын қорғауға арналған келелі жиында сот орындаушылар мен банк тарапынан кететін олқылықтар туралы сөз болды. Мәселен, банктік шоттарды бұғаттаған кезде жеке сот орындаушылар шешімде бұғатталған соманы көрсетеді. Іс жүзінде екінші деңгейлі банктер шоттың барлығын бұғаттап тастайды. Салдарынан борышкер, тіпті дүкенде азық-түлік сатып алу мүмкіндігінен айырылады. Банк құрылымдарының мұндай әрекеті заңсыз дейді мамандар.

Қанат Мусин, ҚР әділет министрі:

– Қазіргі таңда осы салада көп шешілмеген проблемалар бар. Бүгінгі жиналыстың мақсаты – сол проблемаларды шешу жолын табу. Мысалы біздің азаматтарымызда көп сұрақ туындап жатыр. Өйткені сот орындаушылардың қызметі мүлікке тыйым салу мәселелері бар, тыйымнан босату.