Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Гонконгте кейінгі уақытта 26 мыңнан аса тұрғын коронавирус жұқтырды.

Жағдай ушыққан соң Бейжің өңірге мамандар жібере бастады. Олардың ішінде 2003 жылы Уханьда өкпенің қабынуы эпидемиясымен күрескендер бар. Бұдан бөлек, өңірде 40 мың адамға арналған уақытша госпитальдар салынып жатыр.

Айта кетейік, Гонконг коронавирустың бесінші толқынымен күреске кірісті. Наурыз айынан бастап қалада тұрғындар жаппай тестілеуден өтеді. Яғни, үш аптаның ішінде өңірдегі 7 жарым миллион адамды үш рет тексеру жоспарланып отыр.

У Лянъю, ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитет департаменті директорының орынбасары:

– Қазір аймақтағы 8 уақытша госпиталь құрылысы құрлықтық Қытайдың көмегімен жүргізіліп жатыр. Гонконгқа дәрігерлер мен эпидемиологтардың 2 тобы келді. Орталық үкімет арнайы әкімшілік аймақтағы эпидахуалды жедел бақылауға алуы үшін жан-жақты көмектесіп жатыр.