Қазақстандықтар алғыс айтты

Бұл мерекеде тұрғындар өздерінің жақын-жуық, көрші-қолаң, таныс-білістеріне де алғысын арнайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында жас та, кәрі де, түрлі ұлт өкілдері де бар. 

– Енді отбасымызға, халыққа алғыс айтамыз. Аман болайық, бірлікте болайық дейміз.

– Алғыс айту мерекесінде мен осы өмірге алып келген, осы уақытқа дейін қарап, әлпештеп, мәпелеп өсірген анама алғыс айтамын.

– Мен де алғыс айтам президентке. Өйткені біздің Қазақстан өркендеп жатыр. Қалада үлкен-үлкен үйлер салынып жатыр. Қала әдемі болып жатыр, сол рахмет айтам енді.

– Мен өзімнің әке-шешеме алғыс айтушы едім, мама папа рахмет сіздерге!