478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО әкімі тұрғындармен кездесті

  • 187
  • UPD: 21:01, 02.03.2022

Шығыс Қазақстанда құрылысы ұзаққа созылған нысандардың, соның ішінде Осинов асуының құрылысы аяқталатын болды. Сонымен қатар Өскеменде жаңа автобустар мен трамвайлар іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік тапсырыс беру арқылы қолдау көрсетіледі. Бүгін облыс орталығында аймақ басшысы Даниал Ахметов қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Облыс әкімінің Өскемен жұртшылығымен кездесуі қызу талқымен басталды. Қала тұрғындары көптен шешімін күткен мәселелерді қозғады. Мысалы, халықты қоғамдық көліктің жайы, ескі автобустар мен трамвайлар, олардың кестеге сай жүрмеуі алаңдатады. Аймақ басшысы енді бұл салада түбегейлі өзгерістер болады деп сендірді.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

– Облыстық бюджеттен субсидияға 1 млрд 600 мың теңге бөлдік. Енді жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме жаңа автобустар сатып алуы керек. Міне, бір бөлігі алынды, қалғаны жақын арада сатып алынады.

Өңірде құрылысы ұзаққа созылған нысандар да салынып бітеді. Машина жасау саласы кадрларын даярлау орталығы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа айналады. Ал облыс орталығынан Рахман қайнарына баратын жолда Осинов асуын айналып өтіп, шатқал арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталады. Орман қорында болған жерді жол салушыларға өткізуге 4 жыл уақыт кетті.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

–  Орман қорының аясында өткелге қатысты мәселе туындады. Қазір бұл шешімін тапты. Жобалық-сметалық құжаттар қайта қаралды. Алдағы уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тендер өткізеді.

Бұдан бөлек өзге салалар да назардан тыс қалмайды. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп мектеп формасына тапсырыспен қамтамасыз етіледі. Осылайша, жаңа жұмыс орындары құрылып, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар қажетті киім-кешекпен тегін қамтылады.

Авторлары: Анель Есенбердина, Жигер Бабаканов

Хабар 24 телеарнасы