Сапасыз қызмет көрсететін байланыс операторлары қатаң жазаланады

Сапасыз қызмет көрсететін байланыс операторларына жаза қатаңдайды. Айыппұл 100-ден мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Ал қайта заң бұзғандар одан да көп төлейді. Бүгін Мәжіліс отырысында депутаттар тиісті заң жобасын талқылады.

Олардың айтуынша, айыппұл сомасы аз болғандықтан, ірі компаниялар байланыс сапасын арттырудан гөрі айыппұл төлеп құтылуды жөн көреді. Осының алдын алу үшін заңнамаға осындай өзгерістер керек. Сондай-ақ, жаңа құжат салада жұмыс істейтін кәсіпорындардың тұтынушыларға өз қызметтері бойынша есеп беруін көздейді.

Айта кетерлігі, былтыр жауапты ведомство байланыс операторларының қызметін 560 рет тексерген. Нәтижесінде олардың 370 рет заң бұзғаны анықталды. Әсіресе, өңірлердегі жағдай алаңдатарлық.