Елордада 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Өткен тәулікте ел бойынша 91 адам қар құрсауынан құтқарылды. Боран салдарынан жол-көлік оқиғасы да көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңнан бері елордада 35-тен аса көлік соғылу дерегі тіркеліп, бір адам жарақаттанған. Қаладан Қосшы елді мекеніне қатынайтын жол бойында бірнеше көлік пен автобус соқтығысқан. Арасында жолаушылар автобусы да бар. Полиция жолда абай болуды ескертіп, сапарға шықпауға шақырады. Қазір елордадан барлық бағыттағы тас жол жабылған.