Елімізде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат етілді

Бүгіннен бастап бірқатар аймақта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына енгізілген шектеу күшін жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында наурыздың бірінен бастап, ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылған болатын. Яғни бұл – 8 тоннадан астам салмақ түсетін жүк көлігі және көлемі үлкен автокөліктер су тасқыны кезінде жолды талқандамас үшін қолға алынған шара. Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай мәлімет таратты.  

Дегенмен Ақмола, Ақөтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл шектеу әлі сақталып, бірінші мамырға дейін жалғасады.