Оңтүстік Кореяға визасыз режим жанданды

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Оңтүстік Корея визасыз режимге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша Қазақстан азаматтары Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады. Ол жақта жұмыс істеуге, оқуға немесе тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет. Сонымен қатар Кореяға баратын шетел азаматтары ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын «К-ЕТА» электрондық жүйесінде тіркеледі. Сайтта жоспарланған сапар туралы электронды өтініш беріп, Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу керек. Болмаса, әуе компаниясы сізді ұшаққа отырғызудан бас тартуға мәжбүр болады.