Еліміздегі ауылшаруашылық техникасы тозған

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы қатты ескірген.

Бүгін бұл туралы Сенат депутат Мұхтар Жұмағазиев айтты.

Айтуынша, отандық фермерлер қолданатын техниканың көп бөлігі рұқсат етілген пайдалану мерзімінен асып кеткен. Ел аумағында техника өндіретін кәсіпорындардың тапшылығы, сондай-ақ валюта нарығының тұрақсыздығына байланысты импорттық техниканың 1,5 есе қымбаттауы саладағы проблемаларға алып келді. Трактор паркінің 80%-і және комбайн паркінің 76%-і пайдалану мерзімінен 10 жыл асқан. Осыған орай депутаттар ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау мәселесін қайта қарауды ұсынды.