Қаңтар оқиғасы: қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына пәтер беріледі

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан курсанттардың отбасыларына сәуірдің 25-іне дейін баспана беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осындай мәлімдеме жасады.

Естеріңізге салайық, қақтығыстар кезінде қарулы күштер қатарында қызмет еткен 19 азаматымыз көз жұмды. Осы уақытқа дейін 13 отандасымыздың туған-туыстарына пәтер берілген.

Бұл мәселе Үкіметтің айрықша бақылауында тұр, деді Ералы Тоғжанов.