Елімізде бидай мен ұн экспортына шектеу қойылады

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Назгүл Хатепова айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдегі бидай нарығының 20 процентін алып отырған Ресей мен Украина тап қазір астық экспорттап жатқан жоқ. Сондықтан сұраныс артып, тиісінше бидай қымбаттап барады. Ал біз астық экспорттайтын жетекші 10 мемлекеттің қатарындамыз. Сондықтан қалыптасқан жағдай ішкі нарыққа әсер етпей қоймайды. Ақпан-наурызда бидай экспорты өткен жылмен салыстырғанда 20-30 процентке ұлғайған. Сондықтан шектеу енгізілмек. Басты мақсат – астықты сыртқа шамадан тыс жібермеу.

Назгүл Хатепова ҚР АШМ департаментінің директоры:

–Бидайға деген квота көлемі 1 миллион тоннаны құрайтын болса, ұнға деген көлем 300 тоннаға жететін болады. Қазіргі кезде министрлік тарапынан сәйкес бұйрықты мемлекеттік органдармен келісу процесі жүргізіліп жатыр.