«Оразадағы 99 шақырым» велошеруінде ел рекорды тіркелді  

Бүгін елде тағы бір рекорд орнатылды. Әуесқой велошабандоз, әріптесіміз Ернат Мелсұлы қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде 109 шақырым жолды жүріп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңғы сағат 12-лерде басталған марафон, ауызашарға шамамен бір сағат қалғанда, жеті жарымда аяқталды. Әуесқой велошабандоз ассыз, сусыз, ресми Қазақстанның  рекордын орнатты. Ол Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы айналма тас жолмен 99 шақырым жүріп өтуді жоспарлаған, бірақ марафон соңында бұл межеден асып, 109 шақырымды еңсергені анықталды. Марафон Әзірет Сұлтан мешітінің жанында басталып, сол жерде аяқталды. Велошеру нәтижесі – қашықтығы, уақыты және басқа мәліметтер арнайы мобильді қосымшаларда тіркелген.

Ернат Мелсұлы, әуесқой велошабандоз:

Негізі межеміз 8 сағат еді ғой. Сағат 12-де бастаймыз 20:00-де аяқтаймыз. Енді қазір 19:28 кеткенде аяқтадық. Айтылған межеден 1,5 сағат бұрын аяқтадық. Қуандық ағамыз айтып тұр, 109 шақырым тіркейміз деп. Бірақ мен қалар едім 99 деп жазылса. Өйткені бүгінгі ниетіміз Алла тағаланың 99 көркем есімі. Алла тағаланың 94-Әл-Хади деген есімі бар екен. Ол апарушы, ілестіруші, жүргізуші, жетектеуші деген мағынаны береді екен. Сонда осы Алла тағаланың Әл-Хади деген есімімен мені осы жерге жетектеп әкелді деп есептеуге болады.

Қуандық Құдайбергенов, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:

Рекорд орнатылды. Оны шынында мойындау керек. Бұл рекордтың ерекшелігі басқа да велошабандоздар бар ғой. Бұдан да көп жүрген адамдар бар Қазақстанда. Бірақ мына құралға қараған кезде көбінесе велошабандоздар ол спортқа велосипедтермен шабады. Мынау велосипед тау-тасқа арналға, ауыр. Сондықтан осындай велосипедпен трассаға шығып, үлкен велошеруге кіріскен адамдар жоқ. Әрине рекорд орнатылды.

Сондай-ақ...