MEGA Silk Way елордада ұтыс ойынын өткізді

MEGA Silk Way Бурабайға, Грузия мен Түркияға туристік жолдамаларды ұтысқа қойды. Сауда орталығының 5 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған акцияға қатысу үшін сауда жасап, тіркелу жеткілікті болатын. Онда елорданың 3 мыңнан астам тұрғыны бағын сынады.

Мереке күні MEGA Silk Way-де әдеттегідей адам қарасы көп. Орталық осыдан 1 ай бұрын ерекше ұтыс ойындары өтетін хабарлап еді. Енді міне көптен күткен сәт те келіп жетті.

Салтанат Өксікбаева, қала тұрғыны:

- Продуктовый магазинге кірсем де чектерім болса жинап, сол күні мына жерде кезекте тұрып күттім. Көп адамдар тіркелуге тұрды. Мен күттім. Себебі осындай путевка ұтқым келді. Сеніп асығыс болсам да «жоқ қатысамын» деп сеніп, бүгін ұтып жатырмын.

Жанна Баспакова, туристік агенттік директоры:

- Мен MEGA Silk Way-дің серіктесімін. Ұтысқа қатысушыларға Түркияға және Грузия елдеріне тегін саяхатқа жолдама сыйладым. Пандемия кезінде көбіміздің шетел асып демалуға мүмкіндігіміз болмады. Біз осылайша тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағымыз келді.

Ойын шарты қарапайым.  MEGA Silk Way –де 40 мың теңгеге сауда жасасаңыз болғаны  ұтысқа қатыса аласыз.  Бағы жанып, жолы болғандардың бірі Тимур Таласбаев. Жуырда ғана отбасын құрған ол, енді жарымен бірге Грузияға саяхатқа аттанады.

Тимур Таласбаев, қала тұрғыны:

- Ұтыстан олжалы боламыз деп ойламадық. Бірақ сенім артып, ойын соңына дейін тағатсыздана күттік. Біз әкемізге сыйлық алып едік. Енді міне өзіміз саяхатқа аттанғалы тұрмыз.

Бұдан бөлек Бурабайға да 2 жолдама ойнатылды. Ұйымдастырушылар MEGA Silk Way-де мұндай ұтыс ойындары жиі өткізіліп тұратынын айтады. 

Назерке Әбдірахманқызы, Ақылбек Есімсейітов