Еліміздің 12 өңірінде омикронның жаңа түрі анықталды

12 өңірде коронавирус инфекциясының стелс-омикрон түрі табылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вирустың тарауына мониторинг күнделікті жүргізіліп жатыр . «Симптоммен жүгінген пациенттер толық көлемде ем алады. Сырқаттанушылықтың мұндай ағымы кезінде қандай да бір карантиндік іс-шара енгізбейміз. Сондықтан барлық карантиндік іс-шаралар алынып тасталды. Қазіргі уақытта негізінен тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр», – деді Ажар Ғиният. Сонымен қатар ол маска режимін енгізуге еш негіз жоқ екенін айтты.

Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау министрі:

– 12 өңірде коронавирус инфекциясының омикрон түрінің бірі анықталды. Бұл – стелс-омикрон». Коронавирус инфекциясының бұл түрі «Дельта» вирусына қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ жылдам таралуымен қауіпті әрі қайтадан ауруға алып келеді. Сонымен қатар оның бүкіл елімізде тарала бастағанын көріп отырмыз.