Әлемдік нарықта 21 жыл тәжірибесі бар компанияның көрмесі өтті

Сіздің қауіпсіз аймағыңыз. Алматыда осы тақырыпқа арналған жоғары технологиялар көрмесінде Hikvision компаниясының өнімдері көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда үйге қоңырау шалатын қарапайым бейнеқұрылғылардан бастап, күрделі өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелері мен ақылды қаланың жасанды интеллекттерін де осы жерден көруге болады. Компания әлемдік нарықта 21 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал Қазақстанда ресми өкілдігі осыдан 7 жыл бұрын Нұр-Сұлтан мен Алматыда ашылды. Hikvision өнімдері қазақстандықтарға 12 жылдан бері таныс. Қазір адамның бет-әлпеті мен автокөлік нөмірін жазбай танитын интеллектуалды камералар, дрондар, метро мен әуежайлардағы рентген аппараттары ең маңызды дүниеге айналған. Оған соңғы үлгідегі күзет дабылы мен көшедегі қозғалысты басқару жүйесін қосыңыз. Мұның бәрі қауіпсіз аймақты қамтамасыз етеді.

Асқар Кәріпжанов, «Hikvision Kazakhstan» ЖШС корпоративтік сату бөлімінің жетекшісі:

– Біз әлемде, соның ішінде ТМД мен Қазақстан аумағында көптеген ірі жобаларды жүзеге асырдық. Мәселен, атап айтар болсам Әзірбайжанда Баку, Өзбекстанда Ташкент және Қазақстанда Ақтау қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламаларымыз бар. Мектептер мен мединалық нысандарының көбінде  біздің «Хиквижн» бейнекамералары қойылған

Бүгінгі таңда компанияның қаржы айналымы шамамен 13 миллиард долларды құрайды. Соның 10 проценті жыл сайын  озық технологиялар мен ғылыми жұмыстарға жұмсалады. Сондықтан,олар халықаралық рейтинг бойынша  қауіпсіздік жүйелерін өндірушілер арасында көш бастап тұр. Ал өздері шығарған тауарға бес жылға дейін кепілдік береді.

Мағжан Ембергенов, «Hikvision Kazakhstan» ЖШС инженері:

Ол маниторларды телефонымыздағы «Хиквижн» жүктемесі бар. Соны жазып алсаңыздар, біздің құрылғыларды соның ішіне кіргізіп, үйден тыс жерде қарап, біреу келген уақытта сол жақтан көріп, есікті ашуға мүмкіндік бар сіздерге.

«Алға ұмтыл-жетістікке қол жеткіз». Компанияның ұстанымы осындай. Мақсат – адамдардың өмірін жеңіл, ыңғайлы әрі қауіпсіз ету.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Нұрдәулет Жақсыбаев.