Әлихан Смайылов отандық өндірушілердің көрмесіне барды

​​Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтан қаласындағы қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Ónim-2022 көрмесіне барды.

Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27%-тен 35%-ке дейін ұлғайды. Кәсіпкерлер үшін келешегі зор бағыттардың бірі импортты алмастыру болып отыр.

«Бұл біздің отандық өндірушілерге өз ісін дамытуға және жаңа тауарлардың өндірісіне инвестициялар бағыттау үшін үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды, олардың 286-сы – 9,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыратын жобалар», – деді Әлихан Смайылов.

Биыл Ulttyq Ónim көрмесіне отандық микро, шағын және орта бизнестің 350-ден астам өкілі қатысады.