Алматыда миллионнан астам адам референдум тізіміне енгізілді

Тізімді барлық учаскелерде немесе онлайн-сервистерден көруге болады. Қалада дауыс беретін 574 пункт бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 67-сі медицина мекемелерінде, әскери бөлімдер мен санаторилерде ұйымдастырылған. Бүгін Орталық референдум комиссиясының мүшелері науқанға дайындық барысын тексеріп, оқыту семинарларын жоспарлады. Мысалы, «Дауыс беру күні» практикумы жергілікті атқарушы билік өкілдеріне, құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділеріне референдум кезінде өзара әрекет етудің ортақ регламентін жасауға нұсқау болады. 

Сабила Мұстафина, Орталық референдум комиссиясының мүшесі:

Біз дайындықты күшейтіп, сайлауды ұйымдастырушыларды оқытып- үйретуіміз керек. Орталық референдум  комиссиясының  міндеті  орталық сайлау комиссиясына жүктелді. Комиссия өз қаулысы арқылы электоральды оқуты жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес сайлау комиссиясының мүшелері аймақтарды аралауға шықты.