Маңғыстау облысында Мәжіліс депутаты теміржолшылармен жүздесті

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымы  өкілдерімен жүздесті. Мекемедегі қызметкер саны 6 мыңнан асады. 2 мыңға жуығы Маңғыстау ауылындағы теміржол бөлімшесінде жұмыс істейді. Депутат алда келе жатқан саяси науқанның маңызын түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата Заңның 33 бабына енетін түзетулер Қазақстан халқына мейлінше еркіндік беріп, демократия және заң үстемдігін күшейтуді көздейтініне тоқталды.

Амангелді Кескулов, Маңғыстау Теміржол бөлімшесінің қызметкері:

5 маусымға рефендумға барып, қатысамыз. Ата Заңымыз Қазақстанымыздың ең маңызды құжаты. Оған өзгерістер енгізілсе, жаңа Қазақстан құрылады деп ойлаймыз. 

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жалпы халықтың көңіл-күйі жақсы. Көбі Конституцияға енетін өзгерістерді түсініп, түсінбейтін жерлерін сұрап жатыр. Президенттің осы бастамасын қолдап, саяси реформалардың елде болуына, «Жаңа Қазақстанды» тұрғызуға деген мүддесі бар екенін көріп отырмыз.