Нұр-Сұлтанда байқаушылармен кездесу өтті

Республикалық референдумға дайындық, оның ұйымдастыру кезеңдері мен сайлаудың ерекшеліктері. Бүгін орталық референдум комиссиясының мүшелері 13 мемлекеттен келген байқаушылармен кездесіп, науқан жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқаушылардың қатарында ТүрікПА ұйымының өкілдері де бар.

Мухаррем Аккайя, Түркия Республикасы Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы:

–ТүрікПА ұйымы 2008 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған түркі мемлекеттерінің ұйымы ұйымға мүше елдерде өтетін сайлау, референдум процестерін бақылау ТүрікПА-ның негізгі міндеттерінің бірі саналады.