Бұдан былай көлік жүргізушілері мәселені полициясыз реттей алады

Бұдан былай көлік жүргізушілері жол апатына түскенде, полиция шақырмай-ақ мәселені өздері реттей алады. Сенаттың жалпы отырысында осыған мүмкіндік беретін заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Заң жобасында сақтандыру саласын цифрландыруды одан әрі жетілдіру көзделген. 2019 жылдың басынан бері міндетті автосақтандыру шарттары онлайн жүйеде жасалып келеді. Енді мобильдік қосымшамен көлікті сақтандырып, жол апатына түскенде оқиға орынында көп уақыт пен жүйкеңізді жоғалтпай, өзіңіз реттей аласыз. Бұл ұсыныс сотқа жүгінбей, жол-көлік оқиғалары бойынша сақтандыру төлемдерін жедел алуға мүмкіндік береді дейді министр.