Алматы облысында күріш алқабы кеміп барады

Мал шаруашылығымен айналысатын Мырзақасым Әйменов жыл сайын 5 мың гектар жерді игереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның төрттен бір бөлігіне ауыспалы егістік тәртібімен күріш себеді. Аталған дақылды екпесек жеріміз жарамсыз болып қалады,- дейді ол. 

Мырзақасым Әйменов, шаруашылық жетекшісі:

- Күріш егетін себебіміз жерді сақтап қалуымыз керек. Күріш егілмей су болмаса жердің астындағы тұзы көтеріліп кетеді. Мына күріш оны басып отырады. Басып отырғаннан кейін біз мал азығын дайындаймыз. Жер бұзылмас үшін обязательном порядке күріш егіп отыру керек.

Ауданда дәнді-дақыл егіп, мал азығын дайындауды кәсіп еткен 30 дан астам шаруашылық бар. Олар тіршілік нәрін Тасмұрын және Бақанас каналдары арқылы Іле өзенінен алады.

Ким Владимир, «Балқаш ирригация» МКК Балқаш аудандық филиалының директоры:

- Бұрын бізде ешқандай проблема болмайтын. Қытайдан Іле өзенімен секундына мың текше метрге дейін су келетін. Соның 800 текше метрін «Қапшағай су қоймасы» бізге жіберіп отыратын. Сол кезде аудандағы егістіктің 35 процентіне тіпті тең жартысына дейін күріш егетінбіз. Ал, қазір біз аудандағы алқаптың 20-25 процентіне су жеткізе алмай отырмыз.)) 

Егістік алқапты сумен қамтамассыз ету үшін саладағылар Іленің бойына кішігірім бөгет жасаған. Сол арқылы өзен деңгейін көтеріп, оны магистральды каналға жіберіп отыр.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Тасмұрын бөгеті секундына 32 текше метр су өткізеді.  Егер мұндағы төрт суағардың қасына тағы біреуін салатын болса онда гидроқұрылғының мүмкіндігі 12 процентке дейін артады. Яғни шаруаларға секундына 40 текше метрге дейін су жіберілетін болады.

Шаруалардың өзекті мәселесін жергілікті әкімдіктегілер біледі. Олар тоспаны кеңейту үшін құжаттама жұмыстарын қолға алдық,- дейді. 

Бауыржан Дәрібаев, Балқаш ауданы әкімінің орынбасары:

- Биылғы жылы Тасмұрын каналының бас қондырғысын кеңейтуге қаражат сұрастырып отырмыз. Қазіргі күнге құрылыс басқармасы арқылы жобалық сметалық құжаттарын жасауға млн теңге қаражат бөлінді. Құжаттары толық дайын болса күзде жұмыстарды бастап қаламыз. Ал бұл жұмыс жүретін болса бізге де су алуға мүмкіндік болады.

Ауданда тоғандарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді «Тасмұрын» тоспасы кеңейтілсе онда Балқаш ауданының шаруалары суармалы судан тарықпайтын болады.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев