Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр

Air Astana әуе компаниясы үш халықаралық рейстің кешігетінін хабарлады.

Себебі әуе көліктерінде ақау шыққан.

Атап айтқанда, Алматы-Ташкент-Алматы, Алматы - Нұр-Сұлтан - Алматы және Алматы - Ақтау - Алматы бағытындағы ұшақтар сапарға белгіленген уақыттан шамамен 3 сағатқа кеш шығады. Ұшудың нақты уақытын әуе компаниясының сайтынан білуге болады. Карантин шектеулері алынғалы жолаушылар қарасы көбейген. Сондықтан компаниядағы маман тапшылығы жағдайды қиындатып жіберді. Жауаптылар рейстердің осы себеппен кешіктірілуі халықаралық тәжірибеде бар үрдіс екенін айтады. Өйткені жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды.