Дәрігерлердің санаты бойынша үстемақы төлеу мәселесі көтерілді

Дәрігерлердің санаты бойынша берілетін үстемақыны төлейміз деп, медициналық мекемелер шығынға ұшыруы мүмкін. Атырауда  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаевпен  өткен кездесуде осы мәселе айтылды.  Аурухана мен емхана басшылары міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының да олқы тұстарын тілге тиек етті, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жоғары санатты дәрігерлерге төленетін үстемеақы мәселесі өткір.  Өйткені ол үшін арнайы қаржы қарастырылмаған. Медициналық мекеме ішкі бюджеті есебінен төлейді.  Бірақ бұлай жалғаса берсе алдағы уақытта медициналық мекеменің қауқары жетпей болмай қалуы мүмкін. Жиынға қатысқандар депутаттардан бұл мәселені  жоғары жақта көтеруді сұрады.

Серік Ерубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі күнде ОСМС-тің жұмыстарының, қандай ұсыныстар болады, солардың жұмысын түзеу жөнінде, өзгерістер жөнінде бүгін талқылап, жақсы-жақсы ұсыныстар алдық. Оны ертеңгі күні министрлікке хат жолдап, проблеманы шешуге жұмыстанамыз. Сондай жұмыстармен Атырау облысы бойынша сапарымызды жалғастырамыз.