ШҚО-да зиянды заттарды анықтайтын құрылғы жасалды

Шығыс қазақстандық экологтар өңірдегі ірі өндіріс орындарынан шығатын қалдықты мобилді қосымша арқылы бақылайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін металлургиялық зауыттар мен жылу электр орталығының мұржаларына 15 арнайы құрылғы орнатылады.  Жобаға млрд теңгеден астам инвестиция салынбақ. 

Жоспар бойынша жаңа жүйе  2023 жылдың 1-ші қаңтарына дейін қойылуы тиіс. Алайда экология департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыс уақытында аяқталмауы мүмкін. Себебі, біраз кәсіпорын жоғары технологиялық құрылғыларды жеткізетін компанияны әлі анықтамаған.  Ал, бұл талап межеленген мерзімде  орындалмаса,  зауыттарға бір млн теңге көлемінде айыппұл салынады.  Тек Өскемен металлургия кешені мен қалалық жылу электр орталығының ауаға мыңдаған тонна зиянды қалдық шығаратына анықталған еді. 

Данияр Әлиев, ШҚО Экология департаментінің басшысы:

- Қазір ол жоба жүріп жатыр. Бірақ, мекемелердің айтуынша, олардың ішіндегі технологтардың айтуынша, көбі ісі сол технологияны алып келіп бере алмай жатыр. Шетелден келе алмай жатыр. Сондықтан олардың проблемалары туындап жатыр. Біз оны қазір күзде жалпы барлық технологтарды жинап, барлық мекемелерді жинап сол бойынша семинар өткіземіз.

Сондай-ақ...