ШҚО-да ауыл әкімдігіне кандидаттың жалған құжаттары анықталды

Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдігіне кандидаттың жалған құжаттары анықталды.

Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша, бұл дерек кеш тіркелді. Жалпы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің әкімі болуға төрт азамат ниет білдірген. Кейін болашақ әкімдердің бірі міндетті тексеруден өте алмай қалды. Тексеріс барысында жалған құжаттар анықталды. Кандидат жоғары білім туралы дипломның жалған екенін мойындамай отыр. Біржан ауылдық округінің әкімі болғысы келген Дидар Ошақбаев университетте сырттай оқығанын айтты.

Лимара Ғабдуллина, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы:

- 11 тамызда ұлттық қауіпсіздік комитетінен кандидат Дидар Ошақбаевтың сайлау туралы заңнаманы бұзғаны жөнінде ресми хат түсті. Құжат негізінде аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Кейін комиссия мүшелері үміткерді тіркеуден алып тастауды шешті. Отырыс қорытындысы бойынша хатта толтырылды. Дидар Ошақбаев толық танысты.