«Ата Заңым –айбыным». Түркістандағы мерекелік шара

Түркістанда Конституция күніне арналған «Ата заңым –айбыным» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен өнер саласының майталмандары, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Жиналғандар конституция ынтымағы жарасқан еліміздегі барлық игі істің қайнар бастауына айналғанын аттап өтті. Еліміз Ата заңды қадірлеп, ондағы міндеттерді орындаудың нәтижесінде өзін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырды. Сондықтан конституция алдағы уақытта де мемлекетіміздің саяси және экономикалық тұрғыда дамуының кепілі болатынына сенім білдірді. Мерекелік жиын барысында Түркістанның дамуына өз үлесін қосып, еңбегімен дараланған бір топ азамат облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Одан кейін рухты көтеретін әндер шырқалып, патриоттық шығармалар ел назарына ұсынылды.

Владимир Привалов, журналист:

– Біздің ата заңымыз – сонау Ұлы даладан Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» басталады. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» біздің бүгінгі конституциямыздың бастауы, түп негізі саналады. Сондықтан мереке құтты болсын! Еліміз дами берсін!