Жамбыл облысында көлігін өткізгендер өтемақы ала алмай жүр

Қаңтардан соң «Жасыл даму» акционерлік қоғамы болып қайта іске кіріскен кәсіпорын, жиылған шаруалардың әр қайсысына 200-300 мың теңгеден қарыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлігін өткізіп көңілі қалғандар, темір есікті  тоғыз айдан бері торуылдап жүр.

Мұхтар Нысантаев, қала тұрғыны:

- Ваз-2109 машинасын өткіздім. 220 мың тг биыл болады деді. Жыл басында очередьке алып өткіздік. Жабылып қалды. Келдік осы жерге. Охранник балалар айтты. Жабылды болды. Жоқ деп. Елдің бәрін қысқартуға жіберген. Воротаны жауып тастаған.

Мырзағұл Сейдуалиев, шаруа қожалығының иесі:

- Әңгіменің соңғы тоқатерін айту керек қой. Не болады, немесе өткізген комбайнымызды берсін. Пәленбай расход шықты. Не ақшасын, сертификатын қайтарып берсін.

Ақшасын ала-алмай жүргендер арасында, ауылшаруашылық техникасын өткізгендер де бар. Оларға жаңа техника алу үшін, алғашқы төлем ретінде сертификат табыстаған. Бірақ қазір жарамсыз. Шаруалардың сөзінше 5 қаңтардан бері аймақтағы мекеме жабық. Ал, бас қаладағы «Жасыл дамудың» басшылары мәселені министрлік шешеді дейді.

Олжас Беркінбаев,  ҚР Экология, геология министрлігінің департамент директоры: 

- 2021  жылғы 19 қаңтардан 2022 жылдың 18 қаңтарына дейінгі берілген жеңілдік сертификаттарының қолдану мерзімін ұзарту бағытынды жұмыс атқарылып жатыр.

Министрлік өкілі елде өтемақысы өтелмеген 319 сертификаттың бар екенін мойындады. Енді олардың жарамдылық мерзімін ұзарту  мәселесі қаралып жатыр екен. Бірақ нақты уақыты белгісіз.

Авторлары: Мерей Бает Руслан Ахатіллә