Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақ билеттерінің құны Дубай қаласы арқылы өтетін транзитке байланысты қымбаттаған

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлап отыр. Бұл рейстерді Эмирэйтс және Эйр астана әуе компаниялары жүзеге асырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, тікелей рейстердегі билет бағасы өзгерген жоқ. Мәселен, Скат компаниясы арқылы Мәскеуден Алматыға 253 688 теңгеге ұшуға болады. Ал, Эйр Астананың Дубай- Алматы бағыты бойынша билеттері 334 146 мың теңгеден сатылып жатыр.