Әскери қызметтің беделін арттыру қажет

Бұл туралы әскери қызметшілерге арналған ғылыми-практикалық конференцияда айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы күштерді дамытудың бүгіні мен болашағы талқыланды. Әскерилердің тәрбие, идеологиялық және психологиялық жұмысын жетілдіру жолдары айтылды. 

Конференция «Өміріңді сақта» бағдарламасына да байланысты. Конференцияға тек қорғаныс министрлігінен ғана емес, басқа да әскери құрылымдардан қатысып жатыр. Қоғам қайраткерлері де атсалысып отыр. Психологиялық зерттеу орталықтарының да мамандары келіп, өз ойларымен бөлісті.