Ішкі істер министрі жас курсанттарға дәріс оқыды

Ішкі істер министрі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттарының ант қабылдау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марат Ахметжанов курсанттардың ата-аналарымен тілдесіп, болашақ офицерлерге дәріс оқыды. Сондай-ақ киберқылмысқа қарсы күресті күшейтуге арналған мәліметтер қорымен жұмыс істейтін компьютерлік бағдарламалар жиынтығымен танысты. Жалпы биыл оқуға 250-ден астам жас түскен. Олардың 200-ден астамы ер жігіт болса, 40-қа жуығы қыздар. Оларға алғашқы дәріс өткізген  министр тергеушінің іс жүргізудегі рөлін айрықша атап өтті. Осы мамандықты таңдаған жастарды қызметіне адал болуға үндеді.  Бұдан бөлек, ведомство басшысы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жеке құрамымен де кездесті.