ШҚО-да су қоймасы таязданып барады

Бұл жерде кезінде балықшылар қайықпен балық аулаған десе ешкім де сенбейді. Қазір су қоймасын көлікпен басып өтуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың айтуынша, тоған осыдан екі жыл бұрын таяздана бастаған. Ал, соңғы күндері тіпті құрғап қалды.  

Сергей Гемагин, балықшы:

- Бұрын судың деңгейін дамбаға дейін жететін. Балық та көп еді. Қазір оның бәрінен түк қалмады. Тоған кеуіп кеткен.

Су қоймасының қатты таяздануы тамыз айында басталған. Бұл туралы тұрғындар қанша дабыл қағып айтса да, естейтін құлақ болмай тұр. Тек «Шығыс су» коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерінің айтуынша, бөгет 2018 жылы апаттық деп танылған. Содан бері суды реттейтін ысырмалар жоғалып кеткен. «Ал, тоғанның кебуінен экологиялық залал жоқ», - дейді олар.

Сергей Валиев, «Шығыс су қоймалары» КМК директоры:

- Экологиялық залал негізінен жоқ. Биыл белгісіз біреулер су өткізу бөлшектерін бұзып әкетті. Ысырмалар жарамсыз. Сондықтан қазір жоспарлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, қалдық су ағып кеткен.

Бөгеттегі суды ағызу – жоспарлы жұмыс. Бірақ қойма ластанып, кінәлі кәсіпорынға 9 млн. теңге айыппұл салынды. Енді Маховка өзенінде балық жоқ. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында 8 ірі гидронысан мен 5 су арнасын жөндеу керек. Айта кетейік, Зайсан ауданындағы «Үйдене» және Тарбағатай ауданындағы «Қарғыба» су қоймаларындағы жаңғырту жұмыстары 2023 жылдан ерте аяқталмайды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...