Qazaq Oil компаниясы келер жылы 380 жанар-жағармай стансасын жаңартуды жоспарлап отыр

Қазірдің өзінде 219 бекет жөндеуден өткізілген.

Оған 40 млрд теңге жұмсалды. Аталған жобаны аяқтау үшін компания тағы 25 млрд теңге бөледі. Осыдан бірер күн бұрын елордада жаңа стансалардың бірі ашылды. Бірақ ол басқа бекеттерден өзгеше.

Бұл – Qazaq Oil компаниясының жаңартылған жанармай құю стансасын ашу сәтінен бір көрініс. Дәл осы бекет басқаларынан ерекше. Ішінде үйренген дүниелерден бөлек атақты жазушы Сәкен Сейфулиннің бейнесі салынып, оның туындыларының атаулары жазылған. Бұдан былай компания әр өңірде осындай дәстүр енгізбек.    

Төлеміс Шотанов, Qazaq Oil компаниясының бас директоры:

- Біздің міндетіміз – қазақтың белгілі тұлғарының атын шығару. Әр аймақта қазақтың ірі тұлғаларының туып-өскен жерлері бар. Әр аймақта кем дегенде 1 станса болғанын қалаймыз.

Бұл станса Республика даңғылы мен Сәкен Сейфуллин көшесінің қиылысында орналасқан. Атақты жазушының шөбересі де салтанатты шарадан қапы қалмай, көрсетілген көмек үшін Qazaq Oil компаниясына алғысын білдірді.

Сәкен Сейфуллиннің шөбересі:

- Бүгін ерекше күн. Мен өте қуаныштымын. Бір жұмадан кейін Сәкен атамыздың туған күні. Аруақтар қолдайды. Qazaq Oil компаниясының басшылығына рақмет.

Qazaq Oil компаниясында барлығы 381 жанармай құю стансасы бар. Олардың жартысынан көбі жаңартылған. Қалғандарын жөндеуден өткізу үшін 25 млрд теңге бөлінбек. Ал дәл мынадай станса жасақтау үшін 600 млн теңге жұмсалды.

Авторлары: Дариға Ташенова, Нұрғали Мамырбаев

Сондай-ақ...