Салалық журналистиканы дамыту қажет – Италия тілшісі

Сонда ғана журналистиканың деңгейін көтеруге болады. Италиялық тілші Паоло Брикко осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бүгін Еуразия Ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттеріне дәріс оқыды. Оның айтуынша, тілші белгілі бір тақырыпта тұрақты, сауатты әрі обьективті ақпарат беріп үйренуі керек. Мысалы, ол Италияда экономика, қаржы, сапа саласында ақпарат тарататын газетте жұмыс істейді. Сәйкесінше осы саланың «жілігін шағып, майын ішкен» маман.

Паоло Брикко, «Іі Sole 24 Ore» газетінің арнайы тілшісі /ИТАЛИЯ/:

– Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Осы сапарымда болашақ әріптестеріммен кездесіп, пайдалы мәлімет бере алдым деген ойдамын. Ақпарат ағыны көп заманда өмір сүрегендіктен, журналистиканың деңгейін түсірмеуіміз қажет. Дәстүрлі журналистика ешқашан құрдымға кетпейді. Әсіресе салалық журналистиканың маңызы зор.