Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды

Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 млрд теңгеге монополиялық табыс тапқан. Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл қазан айында жеке меншік ұйым басшылығы еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі қатысу үлесінің 100 процентін мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірген. Бұл туралы Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды..