«Kaspi Жұмада» кезекті рекорд орнатылды

Тұтынушылар үшін тиімді зат сатып алу мерекесі, ал шағын және орта бизнес үшін сауда көлемінің өсуі.

Әр Kaspi Жұма алдыңғысынан асып түседі. Бұл жолғы Kaspi Жұмада тағы да рекорд болды. 3 күн ішінде қазақстандықтар 2 миллионнан астам түрлі тауар сатып алды.

Мәдина Тәкенова, сатушы:

- Kaspi Жұманың арқасында Комфорт магазинінде өте көп сауда жүріп жатыр. Оның ішінде бізде кассада очеред, халыққа ең маңызды, керекті деген товарлар қазір өте қатты өтіп жатыр. 

Аяжан Берікқызы - «12 месяцев» құрылыс гипермаркетінің қызметкері:

Kaspi Жұмаға дайындығымыз өте қатты болды. Барлық тауарларды Каспи Магазинге қосуға тырыстық. Витриналарды толтыруға тырыстық. Барлық товарларды магазинге шығардық. 

Бұрын көптеген кәсіпкерлер тек өз қаласында сауда жасай алатын. Енді сатушылар буып-түйілген тауарларды жақын жердегі тарату нүктесіне апарады. Ал Kaspi оларды бүкіл ел аумағындағы сатып алушыларға жеткізеді. 

Жомарт Бақыткелді, Zammler қызметкері:

- Kaspi Жұма кезінде біз 3 есе көп заңаз қабылдаймыз. И біз бәріне үлгіреміз.

Бізге тапсырыс Астана, Шымкент, Ақтау қалаларынан түседі.

Kaspi.kz-тегі интернет-дүкен 2,5 миллион тауар ұсынады. Мұнда әрбір тұтынушы өзіне қажет нәрсені табады: жиһаз бен автокөлік дөңгелектерінен бастап косметика мен зергерлік бұйымдарға дейін бар.

Саурбек Рузуддинов, сатып алушы:

- Kaspi Жұма арқылы морозильник алмақшы ойымыз бар. Сонымен бірге магазинді қарап  жүріп әйеліме блендер деген немістің шығарғанын алып беруге дайын тұрмын. Рахмет!

Әдеттегідей Kaspi Жұма арқылы сатып алған зат тегін жеткізіледі.  

Айдын Жұманиязов, сатып алушы:

- Kaspi Жұма арқылы көптеген тұрмыстық техника сатып алдық. Қазір пәтерде жөндеу жүріп жатыр. Kaspi Жұма сәтті болды,  ас үйге қажеттінің бәрі сатып алынды. Содан бері тауарлар бірте-бірте келе бастады. Жігіттер жаңа пеш әкелді, бұған дейін тоңазытқыш қабылдап алдық, енді кір жуғыш машинаны күтеміз.  Бір уақытта көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Керемет. Барлығын бірден аласыз және оны аз-аздан төлейсіз.

Курьерді күтпей, сатып алған затты қолайлы уақытта алу үшін жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізуге тапсырыс беретін сатып алушылар көбейді. 

Ернар Хайыржанов, сатып алушы:

- Kaspi Жұмадан осындай товар сатып алып едім. Мышка өте жақсы екен. Өте ыңғайлы. Кез келген уақытта келесің. Кез келген бос уақытыңда алып кетесің да тауарыңды. Сонысы жақсы негізінде.

Міне Kaspi.kz заманауи цифрлық технологиялары Қазақстандағы өмірді жақсартып, бизнестің табысты болуына ықпал етеді. Тұтынушылар риза, бизнес дамып, экономика өсуде. Енді алдағы жазда дәстүр бойынша өтетін Kaspi.kz-тен келесі Kaspi Жұманы күтеміз.

Руслан Бақытбекұлы, Ернар Нысанбай