Президент атынан өрт сөндіруші А.Забикулиннің отбасына пәтер сертификаты табысталды

Мемлекет басшысының атынан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.

Баспана демеушілік қаражат есебінен алынған. Ал екінші өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар қос азаматтың жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Алайда Асқар Забикулин қатты зардап шекті. Қазір оның жағдайы ауыр.