Павлодар облысында сайлау кедергісіз өтті

Ертіс өңірінде сайлау науқаны еш кедергісіз өтті. Бұл – ел президенттігіне кандидаттардың сенімді тұлғаларының пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс бойынша президенттікке үміткер азаматтардың жүздеген сенімді өкілі жұмыс істеген. Олар саяси науқан барысындағы дауыс беру үдерісі мен учаскелердің жұмысын бақылады. Сенімді тұлғалар сайлау орындарының жабдықталуына да жақсы баға берді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Ажар Сағандықова, кандидаттың сенімді өкілі:

– Павлодар қаласындағы учаскелердің үштен біріп аралап шықтық. Сайлау орындарының жақсы дайындығы көрініп тұр. Күрделі бұзушылықтар мен мәселелерді байқаған жоқпыз. Жұмысымыз сайлау учаскелері жабылғанға дейін жалғасады.