Жетісу облысында қаңтар оқиғасына қатысқан 140 адам рақымшылыққа ілікті

Жетісу облысында қаңтар оқиғасына қатысқан 140 адамға рақымшылық жасалды.

Сотталғандардың 127-сінің бас бостандығынан шартты түрде айыру және шектеу мерзімі қысқартылды. 13-і сот тағайындаған негізгі жазадан босатылды. Мемлекет басшысы жариялған амнистияға ілінгендер бүлік кезінде ұсақ және орташа бұзақылыққа барғандар. Ауыр қылмыс жасағандар да бар. Олардың заң бұзушылық әрекетіне байланысты тағайындалған жазасы жеңілдетілді. Прокурорлар сот қарауына ұсынылған істер әлі де бар екенін айтады.

Еркебұлан Сүлеймен, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Бүгінгі күні 17 іс бойынша әлі де соттың қаулысы жария етілмеген. Олар енді қаралу сатысында. Бұл жерде айта кететін нәрсе бұл тізім көбеюі мүмкін. Өйткені біз мониторинг жүргізіп жатырмыз.