Өткен тәулікте елімізде 200 адамнан ковид анықталды

Соңғы тәулік ішінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 200-ге жетті. 

Бүгінде 1 мың 205 адам емделіп жатыр, оның ішінде 172 науқас стационарлық ем қабылдауда. Сегіз адамның жағдайы ауыр, екі науқастың халі тіптен нашар. Тағы екі адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алғандардың саны бүгін 10 млн 800  мыңнан асып жығылған.