Алматы тауларында блокпост қойылды

Алматы тауларында қар көшкінінің алдын алу үшін блокбекеттер қойылды.

Олар Шымбұлақ - Эдельвейс автожолындағы "Медеу" бөгетінің жоғары жағында орналасқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Әзірге таудағы қар жамылғысы қата қойған жоқ. Соңғы аптаның өзінде мұнда 14 рет қар көшкіні болған. Сондықтан құтқарушылар жағдай тұрақталғанша тауға бармауға кеңес береді.