Абай облысында жерасты цехта ішімдік өндірген

Абай облысында алкогольді заңсыз өндіретін жерасты цехы анықталды.

57 жастағы Семей тұрғыны контрафактілік алкогольді өндірумен айналысып келген. Полиция қызметкерлері 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам ішімдікті тәркіледі. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады. Қазір заңсыз өнім үлгілері сараптама жүргізуге жіберілді.