Tayyab финтехқызметінде көлік құнын бөліп төлеу адал саналады

Автокөлік бағасына процент қосылмайды. Бірінші исламдық tayyab финтех сервисі 2023 жылдың қаңтарынан бастап бөліп төлеу жобасын іске қосады. 

Сол арқылы бұрын жүрген көліктерді сатып алуға болады. Алдын ала тапсырыс қазірден бастап қабылданып жатыр.

Исламдық tayyab финтех сервисінде автокөлік құнын бөліп төлеу - халал өнім. Tayyab компаниясы өздерінің ұсынып отырған жаңа қызмет түрін осылай деп отыр. Оның банктер беретін автонесиеден айырмашылығы негізгі сомаға ешқандай процент алынбайды. Төлеу мерзімі 7 жылға дейін. Көлік құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс. 

Әли Махмуд, бас өнім менеджері:

- Біз қазірден бастап алдын ала берілген өтінімдерді қабылдап жатырмыз. Егер сіз автокөлік алғыңыз келіп жүрсе, біздің сайт арқылы өтініш білдіруге болады. Ол tayyabauto.kz деп аталады. Сонда барлығы анық жазылған. Мамандар хабарласып, кеңес береді. Егер қазірден хабарлассаңыз, қаңтардың ортасына қарай көлігіңізді аласыз. Келісімшарт бойынша бағасын өзіңізге ыңғайлы етіп бөліп төлей бересіз. 

Tayyab компаниясы Қазақстанда осыдан бір жыл бұрын ашылған. Исламдық қаржы сервисін ұсынады. Бүгінгі күні мобильдік қосымшасы мен картасын 100 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл төлем жасап, ақша аударуға ыңғайлы. Енді жаңа жоба іске қосылғаннан кейін тұтынушылар саны арта түспек деп жоспарлап отыр. 

Әли Махмуд, бас өнім менеджері:

- Біз үшін тұтынушылардың сенімі аса маңызды. Компания қалдық ақшаны кіріс алу үшін  айналдыруға мүлдем қарсы екенін айта кеткім келеді.   

Алдын ала тапсырысты сайтпен қоса, мобильді қосымша арқылы жасауға болады. Алатын көлікті тұтынушы өзі табады. Әзірге қаражат бұрын жүрген автокөліктерге ғана беріледі. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев