Алматы апорты жайлы «Алмалы» деп аталатын мультфильм түсіріліп жатыр

Елордалық мультипликторлар тобы отандық жаңа анимациялық фильм ұсынбақ.

Жаңа мультфильм «Алмалы» деп аталады және шытырман оқиғаларға толы комедия жанрында жарық көрмек. Жобаның мақсаты жас көрермендерге табиғаттың қаншалықты құнды екенін, адамдарға қандай пайда әкелетінін көрсету. Мультфильмді жасаушылар Қазақстанды алманың отаны ретінде дәріптегісі келеді. Олар бұл тақырып шетелдік көрерменге де қызықты болады деп санайды. Жоба аяқталғаннан кейін фильм беделді кинофестивальдерге қатысады деп жоспарлануда. Айта кетейік, Қасиет Сақиолла көптеген танымал туындылар, соның ішінде «Күлтегін» мультфильмі арқылы көпке таныс тәжірибелі мультипликатор.

 Қасиет Сақиолла, режиссер:

«Алма» деген тақырып қой. Бұл жалпы өзіміздің Алматы қаласының маңайынан шыққан деп тарихта айтылады. Біз соны жаңыртқымыз келді. Соны әрі қарай баяндағымыз келді. Жалпы қандай дүние болсын, қандай жаңалық болсын, алмадан басталған ғой. Ньютонның басына құлаған алма дедік. Алма әлемді, дүниені өзгертеді.