Жамбылда қарғын су қауіп төндірді

Жамбылда да қарғын су қауіп төндірді.

Күннің жылуына байланысты Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарындағы бірнеше ауылда үй аулаларына су жайылған. Қазір 60-қа жуық адам, 6 техника мен 4 мотопомпа жұмылдырылып, көше бойы құрғатылып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі қауіп жоқ, жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.