«Ақтөбе-Баку» бағытындағы ұшақ Атырауға шұғыл түрде қонды

Qazaq Air әуе компаниясының «Ақтөбе-Баку» бағытындағы ұшағы Атырауға шұғыл түрде қонды. Оған борттағы жолаушының бірі өзін жайсыз сезінуі себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экипаж мүшелері мен әуе кемесінде болған дәрігер науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, ұшақ жақын жердегі әуе айлағына қонған. Сол жерден жолаушыны жедел жәрдем көлігі күтіп алып, ауруханаға жеткізді. Әуе компаниясының өкілдері бортта көмек көрсеткен кардиолог Гүлшан Мамедоваға алғыс білдірді. Қазір науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.